Ионосфера Институты сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу және оған қарсы іс-қимыл жөніндегі ішкі шаралар кешенін жүзеге асырады.
«Ионосфера Институты» ЖШС-нің 2024 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жоспары.
Шаралар институт қызметкерлері үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы моральдық және құндылықтық бағдарларды қалыптастыруға, сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттерін алдын алуға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы институт қызметінде тиімді қолдануды арттыруға бағытталған.
Осы шаралардың қатарында – сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жыл сайын ішкі талдау жүргізу бар. Талдау нәтижелері бойынша институтте анықталған тәуекелдерді жоюға қажетті барлық шаралар қабылданады.
- «Ионосфера Институты» ЖШС-нің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдаудың нәтижелері бойынша 2023 жылдың I тоқсанына арналған аналитикалық анықтама
- «Ионосфера Институты» ЖШС-нің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдаудың нәтижелері бойынша 2022 жылға арналған аналитикалық анықтама
- «Ионосфера Институты» ЖШС-нің мүдделер қақтығыстарын анықтау және реттеу саясаты, 2024 жыл
- «Ионосфера Институты» ЖШС-нің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы нұсқаулығы
- «Ионосфера Институты» ЖШС-нің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты
- «Ионосфера Институты» ЖШС-нің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты
2023 жылдың 20 наурызында әкімшілік-басқарушы персонал және институт қызметкерлерінің отырысында «Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңын түсіндіру» және «Қазақстан Республикасының 2015–2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асыру» тақырыптарында баяндама жасалды.
«Ионосфера Институты» ЖШС-де комплаенс қызметі жұмыс істейді. «Ионосфера Институты» ЖШС-нің сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметі туралы ереже.
Сыбайлас жемқорлық – қызметтік міндетті жеке мақсатта теріс пайдалану; лауазымды тұлғаның өз өкілеттілігін, сеніп тапсырылған құқықтарын, сондай-ақ ресми мәртебесі арқылы берілген беделін, мүмкіндіктері мен байланыстарын жеке пайда табу үшін қолдануы, заңға және моральдық қағидаттарға қайшы келетін әрекет.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кеңес алу үшін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Бірыңғай Call-орталығына 1424 нөміріне (қоңырау ақысыз) хабарласыңыз.
1424 нөмірлі қоңырау орталығы азаматтарға келесі мәселелер бойынша кеңес береді:
– Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл;
– Антикоррупциялық қызметке түскен өтініштер;
– Өтініштер мен хабарламаларды қарау барысы туралы;
– Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің құзыретіне кіретін басқа да мәселелер.