контактілер
+7 (727) 380-30-54
+7 (700) 222-49-86
+7 (707) 834-48-49
Email
ionos@ionos.kz
Мекенжай
050020, Қазақстан Республикасы, Алматы қ.,
Каменское платосы, «Ионосфера» бағбандық бірлестігі 117 үй.

Ғарыштық ауа райын диагностикалау және болжау зертханасы

Зертханалар жердегі және ғарыштық құбылыстарға қатысты іргелі және қолданбалы зерттеулермен айналысады.
ЛАБОРАТОРИЯ ТУРАЛЫ

Зерттеу бағыттары:

«Космостанция» (теңіз деңгейінен 3340 м биіктікте) орналасқан 18NM-64 жоғары таулы нейтрон мониторы арқылы космостық сәулелердің нейтрон компонентін мониторингтеу;

галактикалық және күндік космостық сәулелер физикасы, гелиосфера шекарасынан Жерге дейін таралу ерекшеліктерін жоғары таулы 18NM-64 мониторы мен жаһандық нейтрон мониторлары желісі арқылы зерттеу;

Жер маңындағы ғарыш кеңістігінің физикасы, атап айтқанда галактикалық космостық сәулелер тығыздығы мен анизотропиясы, геомагниттік өріс, геостационарлы орбитадағы жоғары энергиялы магнитосфералық электрондар және жоғары энергиялы протондардың мінез-құлқын зерттеу;

Қазақстандық көп деңгейлі ғарыштық ауа райын диагностикалау және болжау жүйесі арқылы Жер маңындағы ғарыш кеңістігінің күнделікті диагностикасы: нақты уақыттағы нейтрон компонентінің интенсивтілігі (18NM-64 мониторы), геомагниттік өріс күші және күн радиосәулесінің (1 ГГц және 2,8 ГГц) өлшемдері, сондай-ақ ғарыштық обсерваториялар мен спутниктерден алынған күн белсенділігінің әртүрлі толқын ұзындықтарындағы және межпланеталық ортадағы мәліметтер;

ғарыштық ауа райының бұзылған кезеңдерін және олардың күндік көздерін анықтау;

нейтрон мониторлары желісі мен жерүсті және спутниктік өлшемдер деректеріне негізделген радиациялық және геомагниттік жағдайды болжау әдістемелерін әзірлеу;

орташа тәуліктік Ap-индекс пен 2800 МГц жиілігіндегі күн радиосәулесі ағынын 55 күнге, протондық ағыстардың > 10 pfu (E > 10 МэВ және E > 100 МэВ) ықтималдығын 28 күнге және геостационарлы орбитадағы жоғары энергиялы электрондар (E > 2 МэВ) флюенсасын 28 күнге сандық және графикалық түрде болжау;

ғарыштық ауа райы факторларының спутниктер мен авиация жұмысына әсерін зерттеу;

литосфера-атмосфера-ионосфера байланыстары мен бұзылуларды ірі жер сілкіністері кезінде жерден ионосфераға дейінгі өту механизмдерін жерүсті және спутниктік бақылау арқылы зерттеу, сондай-ақ анизотропты ортадағы электродинамика теңдеулері негізінде электромагниттік байланыс теориялық моделін әзірлеу.

ЛАБОРАТОРИЯ ҚЫЗМЕТКЕРІ
ПРОЕКТЫ 
Жазылып, оқиғалардан хабардар болыңыз